22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №486

257 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 24 сәуір, Астана қаласы Теңiз көлiгіндегі экспедиторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Теңiз көлiгінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №486 бұйрығымен бекітілген Теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 149-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1) жүк - жануарларды, контейнерлердi, табандықтарды және буып-түюге немесе тасымалдауға байланысты басқа да заттарды қоса алғанда, экспедитор ұсынбайтын кез келген мүлiк; 2) клиент - экспедитормен жасасқан жүктердi теңiз көлiгiмен жөнелту жөнiндегi қызметтер көрсетудi орындауға арналған шарт бойынша немесе осы шартты орындауға байланысты экспедитордың iс-әрекетi нәтижесiнде құқықтары және (немесе) мiндеттерi бар кез келген адам; 3) көлiк экспедициясының шарты - оған сәйкес экспедитор сыйақы үшiн және басқа тарап жүктің клиенті, жөнелтушісі және алушысы есебiнен оның немесе өзiнiң атынан осы шартта белгiленген жүктi тасымалдауға байланысты экспедиторлық қызметтер көрсетудi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүк тасымалдау шартын жасауға экспедитор мiндеттенген шарт; 4) сенiмхат - егер сенiмхат экспедитордың мiндеттерiн орындау үшiн қажет болса, оған жүктiң клиентi (жөнелтушi-алушы) беретiн құжат; 5) теңiз көлiгiндегi экспедиторлық қызмет - жүктi тасымалдауды, оларды жинақтауды/таратуды, буып-түюдi, сақтауды, тиеу-түсiру жұмыстарын, жүктердi жөнелту мен алуды қамтамасыз етудi қоса алғанда, олардың қозғалысының барлық сатысындағы оларды тасымалдауға және оларға қызмет көрсетуге байланысты қызметтер көрсетуге, сондай-ақ оларға байланысты қосымша және консультативтiк қызмет көрсетуге, құжаттарды алуға, осы қызмет саласындағы тәуекелдiң барлық түрлерi бойынша баждар, салықтар, өзге де алымдар мен кепiлдiктердi төлеудi қамтамасыз етуге сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қызмет; 6) тасымалдаушы - бұл жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi ұсынатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген кеме иесі; 7) экспедитор - қызмет түpi құрылтай құжаттарына сәйкес клиенттерге жүктi тасымалдауға байланысты экспедициялық қызметтер көрсету болып табылатын клиентпен көлiк экспедициясы шартын жасасқан адам. 2. Теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi 3. Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiндегi экспедиторлық қызмет осы процеске қатысушының әрқайсысына Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Заңға және осы Қағидаларға сәйкес сенiмдi кепiлдiктi қамтамасыз ететiн өзара тиiмдi тең құқықтық негiзде жүзеге асырылуы тиiс. 4. Экспедитор мен клиенттiң өзара қатынасы жазбаша нысанда жасалатын көлiк экспедициясы шартының талаптарында құрылады. Экспедитор тасымалдаушымен тасымалдау шартын клиент атынан жасасқан жағдайда, тасымалдаушының экспедитормен өзара қатынасы жүк жөнелтушiмен сияқты құрылады. 5. Теңiз көлiгiндегi экспедиторлық қызмет мынадай қызмет көрсетудi ұсыну арқылы жүзеге асырылады: 1) жөнелту орнынан жеткiзу орнына дейiн тасымалдауды ұйымдастыру; 2) клиент атынан немесе өз атынан тасымалдау шартын жасасу; 3) көлiктiк теңiз жүкқұжатын және (немесе) тасымалдау құжаттарының жинақталымын, соның iшiнде бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарын ресiмдеу; 4) жүктi жаңа мекенжайға жiберуге өтiнiмдi ресiмдеу; 5) жүктi тасымалдауға көрсету; 6) жүктi aлу; 7) жүктi клиенттiң қоймасынан портқа дейiн және порттан клиенттiң қоймасына дейiн жеткiзу; 8) жүктi портта немесе клиент қоймаларында тиеудi, түсiрудi (босатуды), қайта тиеудi ұйымдастыру; 9) жүктi iрiктеу; 10) жөнелтiмдердi жинақтау (жүктi жинау, тарату); 11) жүктi маркалау, қайта маркалау, буып-түю; 12) көлiк ыдысы мен орамын жөндеу; 13) жүктi жөнелту, жылжыту (соның iшiнде жүктiң шекарадан өткенi туралы), оның келуi және беру туралы, сондай-ақ ауыстырып тиеу пункттерiнде жүктi басқа көлiк құралдарына қайта тиеу туралы клиенттердi хабардар ету; 14) жүру жолында жүк қозғалысын байқау; 15) кеменiң жүк бөлiмдерiн және контейнерлердi тазарту, жуу және дезинфекциялау; 16) клиенттердi жүк тасымалдау үшiн қажеттi түсiргiш жабдықпен және контейнерлермен қамтамасыз ету; 17) клиенттер мен тасымалдаушыға тиектiк-пломбалау құрылғыларын беру; 18) жүктi сақтандыруды қамтамасыз ету; 19) тасу төлемдерiн, алымдар мен айыппұлдарды, тиеу-түсiру, қойма және өзге де жұмыстарды есептеу және оларға ақы төлеу; 20) коммерциялық актiге қол қою; 21) коммерциялық актi мен өзге құжаттардың негiзiнде талап-арыздарды ресiмдеу; 22) жүктi тиеу мен бекiтудiң техникалық талаптарын тасымалдаушымен әзiрлеу және келiсу; 23) жүктi сақтау, қоймаға салу; 24) жүру жолында жүктi алып жүрудi ұйымдастыру; 25) жеткiзу мерзiмдерi өткеннен кейiн жоғалған жүкке iздеу салу; 26) жүк тасымалдау саласындағы консультациялық қызметтер көрсету; 27) жүктiң декларациясын жасау; 28) тәуекелдiң барлық түрлерi бойынша кепiлдiктер беру; 29) жүк тасымалына байланысты өзге де қызметтер көрсету. 6. Көлiк экспедициясы шартында жүктердi жүйелi түрде тасымалдауға байланысты экспедициялық қызметтер көрсетудi орындау немесе орындауды ұйымдастыру көзделуi мүмкiн. Бұл ретте жүктiң нақты партиясын тасымалдауға байланысты экспедициялық қызметтер көрсетудi ұсыну экспедиторға клиенттiң жекелеген тапсырыстар беруi негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда көлiк экспедициясы шартында келiсiлген экспедициялық қызметтер көрсетуді ұсыну шарттары, егер шартта өзгеше көзделмесе, жекелеген тапсырыс бойынша экспедициялық қызметтер көрсетуді ұсыну шартына қолданылады. 3. Экспедитор және тасымалдаушы 7. Экспедитор экспедициялық қызметтер көрсетудi көлiк экспедициясының шартына және экспедитормен келiсiлген клиент нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады. 8. Көлiк экспедициясының шартында экспедитордың жүктi өз күшiмен тасымалдауды жүзеге асыру мiндетi көзделуi мүмкiн. 9. Егер көлiк экспедициясы шартынан экспедитор өз мiндеттерiн жеке орындауға тиiстiгi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тарта алады. 10. Экспедитор: 1) тасымалдауды ұйымдастыру шартына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi уақтылы және толық төлеудi қамтамасыз етедi; 2) тасымалдау құжаттарына төлеушi туралы деректердi енгiзудi қамтамасыз етедi; 3) тасымалдаушы белгiлеген тәртiппен тасымалдаушыға тасымалдау төлемiнiң растауын ұсынады; 4) тасымалдау құжаттарын ресiмдеу ережесiн орындауды және кеден органдарының, тарапынан жүкке қойылатын талаптарды орындауды, фитосанитарлық, карантиндiк, шекаралық және порттық бақылауды қамтамасыз етедi; 5) егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиесті орындамау салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген шығындарды өтейдi. 11. Клиенттiң нұсқауларынан шегiну қажет болған кезде экспедитор алдын ала клиенттен осындай шегiнуге оның келiсiмi туралы сұрайды. 12. Егер шартта өзгеше көзделмесе, экспедитор тасымалдау көлiгi мен бағытын таңдайды немесе ауыстырады, жүк тасымалдау тәртiбiн, сондай-ақ экспедициялық қызметтердi орындау тәртiбiн өзгертедi. 13. Көлiк экспедициясы шартының талаптарымен экспедитордың клиент атынан үшiншi тұлғалармен шарт жасасуы, сондай-ақ клиент атынан көлiк экспедициясы шартын орындауға байланысты басқа да мiндеттердi орындауы көзделген жағдайда клиент экспедиторға сенiмхат бередi. Көлiк экспедициясы шартын орындау бойынша немесе оны орындағанға дейiн көлiк экспедициясы шартын тоқтату кезiнде экспедитор қолдану мерзiмi өтпеген сенiмхатты клиентке қайтарады. 14. Экспедиторға тасымал шартын клиент атынан жасауға берiлген сенiмхат экспедиторға жүктi жаңа мекен-жайға жiберуден, талап-арыздар мен талап-қуыным өтiнiшiн беруден, iстi аралық сотқа беруден, татулық келiсiмiн жасасқаннан, өкiлеттiктердi басқа тұлғаға беруден (қайта сенiп тапсыру), клиентке тиесiлi ақшаны алудан басқа, бүкiл iс-әрекеттi жасауға мүмкiндiк бередi. 15. Экспедитордың осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген әрбiр iс-қимылды жасауға өкiлеттiгi клиент берген сенiмхатта арнайы көзделуi тиiс. 16. Экспедитор жүк қабылдаған кезде экспедитор клиент атынан оның берген сенiмхаты негiзiнде жасаған шарттардың түпнұсқаларын клиентке ұсынады. 17. Экспедитор жүктi жаңа мекенжайға жiберуге өтiнiмдi клиенттiң сенiмхаты бойынша ресiмдейдi. 18. Көлiк экспедициясы шарттарын орындау мақсаттары үшiн экспедитор тасымалдаушымен мынадай шарттар жасасады: 1) республикалық және халықаралық қатынаста (транзиттi қоспағанда) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт; 2) халықаралық қатынаста транзитпен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт. 19. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар жасасқан кезде экспедитор тасымалдаушыға мыналарды ұсынады: 1) тасымалдаушының бiрiншi басшысының атына хат; 2) ұйым жарғысының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нотариалды расталған көшірмелері; 3) банкте шоты барын растайтын анықтама. 20. Тасымалдаушы: 1) егер шартта өзгеше көзделмесе, кiре төлемi мен алымын алғанға дейiн жүктi тасымалдауға қабылдамайды; 2) халықаралық қатынаста транзитпен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт экспедитордың мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етпеген жағдайда, оны бiр жақты тәртiппен бұзады; 3) экспедитордан мемлекеттiк органдардың (кеден, шекара, фитосанитарлық және басқаларының) бақылауымен жүктi кедергiсiз тасымалдау үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдегенге дейiн тасымалдауға жүк қабылдамайды; 4) экспедитор баратын станциясында, ал транзиттiк тасымал кезiнде - жүру жолында кiре төлемдерi мен алымдарын төлемеген жағдайда жүктi ұстап қалады; 5) тасымалдау шартының талаптарына сәйкес жүктi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етедi; 6) жүктi тасымалдау кезiнде кедергiлер туындаған жағдайда экспедиторға хабардар етедi; 7) экспедиторға Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң теңiз көлiгiмен жүк тасымалын ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң өзгеруi немесе жаңаларының қабылдануы туралы (халықаралық шартқа сәйкес), соның iшiнде тасымалдардың тарифтерi мен шарттарының өзгеруi туралы, теңiз порттарының ашылуы, жабылуы және қайта аталуы туралы хабардар етедi; 8) егер Заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиест i орындамау салдарынан экспедиторға келтiрiлген шығындарды өтейдi. 21. Жүк тасымалын халықаралық қатынаста транзитпен ұйымдастыру туралы шарттың қолданылуы кепiл, банк кепiлдiгi және сақтандыру шарты бұзылған, оның қолданылу мерзiмi өткен, жарамсыз деп танылған жағдайларда тоқтатылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11199 болып енгізілді.